Астанаға Францияның экономика және қаржы министрі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордаға Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэр келді. Бұл оның министр лауазымына тағайындалғаннан бергі Орта Азияға жасап отырған алғашқы ресми іс-сапары.
«Қазақстанға келуімнің басты мақсаты - жаңа серіктестік қатынастар орнату және екі елдің достығын нығайту. Ядролық салада, Airbus ұшақтарын өндіруде, құжаттамалық қамтамасыз ету саласында, энергетика саласындағы «Тоталь» компаниясы бойынша серіктестігіміз бар. Жалпы екі елде байланыстыратын әріптестік жетерлік. Мен жоспарлап отырған барлық жобалардың әріқарай дамығанын қалаймын», - дейді Франциядан келген министр.Бруно Ле Мэр бұл сапарында Қазақстан Республкасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин және вице-премьер Жеңіс Қасымбекпен кездеседі деп күтілуде.
«Қазақстан - Франция үшін стратегиялық серіктес. Ал Франция өз кезегінде Қазақстанға Еуропаға шығуға сенімді әріптес бола алады. Францияда ең жаңа дамыған технологиялар, қуатты индустрия бар. Сондықтан Франция шынымен де Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқысы келеді. Бірнеше сағаттан кейін Қазақстан президентімен кездесемін. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен құрылған тығыз серіктестігімізді атап өтемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, екі ел арасындағы әріптестіктің ерекше маңыздылығын ерекше айтқым келеді. Бірнеше сағаттан кейін Қазақстан президентіинн тағы қандай бағыттарды дамытуға болатындығын ақылдасамыз», - деді Бруно Ле Майор.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы