Астанаға екі елдің көшбасшысы келеді: Қарашада Қазақстанда қандай маңызды жиын өтеді?
Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті ресми сапармен келеді. Ал 6 қарашада елордада халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтпек.
5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді. Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады, - деп жазды Айбек Смадияров.
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.