Астанаға Дженнифер Лопес келеді: бюджетке 400 млн теңге түседі

Үкімет отырысында Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов биыл елордада америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бәрі ойдағыдай өтсе, бюджетке 400 млн теңге салық түспек.

Еске салайық, кеше Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес елордада концерт береді. Оның менеджерінің хабарлауынша, шоу 1 тамыз күні Astana Arena спорт кешенінде өтеді.

Бұл тек Қазақстан үшін Орталық Азия үшін де тарихи сәт болмақ. 1 тамызда Астана арена стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Іс-шара толық коммерциялық негізде өткізіледі, – дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы