Астанаға батыстан 130 тонна ет пен балық әкелінді
Астанада отандық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіпкерлері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Олар шамамен 130 тонна ет пен балық әкелді. Барлығы 50-ден астам тауар түрі бар. Оның ішінде көкөністер, жемістер, ұн, макарон, консервілер, сүт және ет өнімдері бар. Өнімдерін ұсынушылар бағаларды нарықтағыдан төменірек қоюға уәде береді.
Ал келесі демалыс күндері жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының кәсіпкерлері келеді.
Атырау облысынан біз 110 тонна ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде 44 тонна балық әкелдік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 тоннаға артық. Сондай-ақ ет, көкөніс пен жеміс әкелдік. Елорда тұрғындарының көңіл күйін көтеру үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Біздің өнімдеріміздің бағасы нарықтағы бағадан 20%-ға төмен, – деді Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рүстемов.