Астанаға Абу-Дабидің тақ мұрагері ресми сапармен келді

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР премьер министрі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Тақ мұрагерінің ресми сапары аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.

БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы