7 Ақпан 2024 2024, 16:30
Фото: Елорда әкімдігі
Астанадан қыс мезгілінде 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды
Астанада соңғы күндері қар мол жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимге көшірілді. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 4 млн текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,6 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мың жол жұмысшы жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 3 680 рейс арқылы 51,6 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін 288 мың рейс жасалды.