Бүгiн 2026, 16:09 Фото: pixabay.com

Астанадан Павлодарға бағытталған жолдың бір бөлігі 10 күнге жабылады

Жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды

3–13 мамыр аралығында KZ 01-01 «Астана қаласын айналып өту» автожолының бір учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толықтай шектеледі. Атап айтқанда, «Балқарағай» демалыс аймағына бұрылатын тұстан бастап Павлодар бағытына қарай орналасқан жол айрығына дейінгі аралық жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Жабылатын учаскенің ұзындығы – 8 шақырым.

Бұл бөлікте мынадай жұмыстар жоспарланған:

  • қолданыстағы жол жабынын фрезерлеу;
  • жолдағы ісіну ақауларын жою;
  • асфальт-бетон жабынының екі қабатын төсеу.

Жөндеу жұмыстарына 25 жол жұмысшысы мен 66 техника жұмылдырылады. Олардың қатарында фрезалар, асфальт төсегіштер және самосвалдар бар.

Төменгі және үстіңгі қабаттарды төсеу арасында технологиялық үзіліс қарастырылған. Осы уақыт аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша ашылып отырады.

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" 

Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтау үшін қажет.

Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Мұратбекұлы.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.