4 Қаңтар 2023 2023, 18:22

Астанадан Павлодар мен Теміртауға баратын жолдар ашылды

Ауа райының тұрақталуына байланысты Астананы басқа қалалармен жалғайтын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының тұрақталуына байланысты Астананы басқа қалалармен жалғайтын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

4 қаңтар күндіз республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының Астана қаласы мен Павлодар облысы аралығындағы учаскесінде, яғни 16-200 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат берілді.

Сондай-ақ 4 қаңтар, кешкі 17.00-ден бастап республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолының 1291-1426 шақырым аралығы ашылды.

Бұл - Астана қаласы мен Теміртау арасын жалғайтын жол.