Астанадан Миланға тікелей рейс ашылады

Италияның NEOS авиакомпаниясы алғаш рет Астана әуежайынан Миланға қатынайтын рейстер ашты. Аталған бағыт бойынша бірінші рейс 2024 жылдың 8 шілдесінде орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады.

Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына серпін береді. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді", делінген хабарламада.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы