Астанадан Мәскеуге дейін: Қазақстандықтар Ресей университеттерінде оқып жатыр
Ресейлік жоғары оқу орындары - қазақстандық студенттердің ең танымал бағыттарының бірі. Бүгінде көрші елде 60 мыңнан аса отандасымыз оқып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жоғарғы білім беру саласында белсенді дамып жатыр. Бүгінде Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәліметінше, елдеріміз арасындағы Үкіметаралық келісімдер аясында 2003 жылдан бастап Ресей Қазақстан азаматтарына арнайы оқу гранттарын бөліп келеді. Сонымен қатар шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту бағдарламасы бойынша ресейлік оқу орындарының атақты ғалымдар да шақырылады.
Сондай-ақ қолданыстағы келісімдер төңірегінде ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды даярлау және алмастыру, біліктілікті арттыру, ғылыми тағылымдамадан өткізу жұмыстары жүзеге асырылып келеді.
ҚР мен РФ екіжақты ғылыми ынтымақтасу келісімінде жоғарғы оқу орындарына ерекше назар аударылған.
Екі мемлекеттің жоғарғы оқу орындары арасында тығыз байланыстар қалыптасқан: М.В.Ломоносов атындағы мемелекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, ММХҚИ, ММЛУ, МИСиС және т.б.
Сондай-ақ қазақстандық жоғарғы оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қарағанды Мемлекеттік университеті және т.б. тарапынан халықаралық білім беру алаңында белсенді жұмыстарын жүргізіліп жатыр, - делінген елшіліктің хабарламасында.
Ресей университетінің дипломын елде жүріп те алуға болады
Қазіргі таңда Қазақстанда Ресейдің 6 жетекші жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істейді. Алғаш болып 2001 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы іске қосылды. Кейін Байқоңыр қаласындағы «Восход» Мәскеу авиациялық институтының, Қостанайдағы Челябинск мемлекеттік университетінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «МИФИ» ҰЯЗУ, Санк-Петербор кәсіподақтар гуманитарлық университетінің және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалдары ашылды. Алдағы уақытта Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында ашқалы отырмыз. Сонымен қатар биыл Омбы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалын ашу жоспарланып отыр. Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары мен ғылыми институттары арасында 1700 келісімшарт жасалған. 25 ғылыми бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылуда. Біз бауырластық қарым-қатынасымызды және ғылым мен жоғары білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделіміз. Ортақ идеяларды және ұсыныстарды жан-жақты талқылап, болашақта нақты жұмыс жоспарын әзірлеу қажет деп санаймын, - деген еді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумында.
Сонымен қатар Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын құру жөнінде келісім бар. Оған қоса Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Санкт-Петербор мемлекеттік университеті ТМД желілік университеті шеңберінде магистранттарды бірлесіп даярлау бойынша, ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан Федералды университеті докторанттар мен аспиранттарды алмасу бойынша келісімге қол қойған.
Ресей Қазақстан студенттеріне қандай грант бөлген?
Ресей ЖОО-лары ҚР азаматтарын оқыту үшін білім гранттарын бөледі:
- үкіметаралық келісімдер шеңберінде (сыртқы істер министрлігі, Ресей ынтымақтастығы желісі бойынша, ТМД Желілік университеті, ШЫҰ Университеті шеңберінде);
- Ресей және қазақстандық жоғары оқу орындары, аймақтар, қалалар арасындағы екіжақты келісімдер негізінде;
- шетелдік студенттерді оқыту үшін өз бетінше ресейлік жоғары оқу орындары.
Ресейде оқитын студенттер нені білуі керек?
Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып есептеледі.
Студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін университеттің әкімшілігінен сұрауға болады.
Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті.