Астанадан 50 мың текше метр қар шығарылды

Астанадан бір түнде 3600-ден астам жүк көлігіне тең қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні 50 мың текше метр қар тазаланды. Қар қалың жауған кезде елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні қаладан шамамен 50 мың текше метр қар немесе 3600-ден астам жүк көлігі шығарылды. Бүгінгі таңда Астанада қар күреуге 2400-ден астам жол қызметкері мен 1600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, - делінген әкімдік хабарламасында.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.

Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы