Астанадағы ЖЭО-3 толықтай газға ауысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас қаланың қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев хабарлады.
Оның айтуынша, ЖЭО-3 толықтай газға ауысады.
ЖЭО-3 2022-2023 жылғы жылыту маусымында толықтай газға ауысады. Бұл жылу қуатының артуына мүмкіндік береді. Көмір бөлігін 2023 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қосымша сұратылған қаражаттарға елорданы жылумен жабдықтауды арттыру мақсатында биыл 3 шақырым құбыр желісін қайта құрылымдаймыз, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласын жылумен жабдықтауға 24,4 млрд теңге бөлінгені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданы жылумен жабдықтауға 24,4 млрд теңге бөлінді
Өзгелердің жаңалығы