Астанадағы жаңа ғимарат өртенді: қою түтін "Хан Шатыр" маңын басып қалды
Әлеуметтік желілерде өрт сәті түсірілген бейнежазба тарады. Видеоны түсірген автордың айтуынша, қою түтін аспанды тұмшалап, көптеген жүргізуші "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр деп ойлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, түтін Нұра ауданы, Тұран даңғылы бойындағы салынып жатқан жаңа ғимараттан шыққан.
Оқиғаға қатысты елорданың ТЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Оқиға орнына жеткен кезде құрылыс кезеңіндегі ғимараттың үшінші қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені анықталды. Өрт өрт сөндірушілер келмей тұрып сөндірілген, – деп хабарлады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы