Астанадағы жаңа футбол стадионы қашан беріледі?
Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордадағы жаңа футбол стадионы қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Оны аяқтау 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған, - деді ол.
Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс орталықтарында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа футбол стадиондарының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атады.
Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай, заманауи жабыны бар стадион пайдалануға берілді, - деді ол.
Айта кетейік, әлі де 14 жаңа стадион салу қажет. Олардың 10-ы бойынша жобалау-сметалық құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 7 стадионды қайта жаңарту қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы