Астанадағы веложарыс кезінде ер адам көз жұмды

Астанадағы Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның велоспорт федерациясы таратқан мәліметінше, жарыс кезінде бір велошабандоз жолдың жиегіне тоқтап, кенеттен қайтыс болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмады. Жарыста кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды, - делінген ресми хабарламада.

Веложарыс ұйымдастырушылары марқұманың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Веложарысты тоқтатуға шешім қабылданды. Спорт додасы екі күнге – 15-16 шілдеге жоспарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы