Астанадағы Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі

Астанадағы Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана полиция департаментінің хабарлауынша, әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 16 қыркүйек және 15 қазан аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы