Астанадағы ТЖД қызметкерлері жаңартылған қызметтік тұрғын үйге қоныстанды
Астанадағы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жаңартылған қызметтік тұрғын үйге қоныстануда. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елордалық жатақханадағы жаңа пәтер иелеріне арнайы барып, қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап өтерлігі, жөндеу жұмыстары бюджет есебінен емес, құтқарушылардың жеке қорының қаражатына жүргізілуде. Жыл басынан бері бірнеше отбасы заманауи, толық жабдықталған пәтерлерге ие болды. Жаңа баспаналар жиһазбен және тұрмысқа қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, біз еліміздің түкпір-түкпірінде құтқарушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастырамыз, - деді ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов.
Жаңа қоныс иелері баспананың жайлы әрі тыныш екенін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатады
Өзгелердің жаңалығы