6 Маусым 2023 2023, 14:40 Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде паркинг өртенді

Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 6 маусымда сағат 11:56 Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінде өрт шыққаны туралы хабарламаға шықты. 

Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап, эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығарылуда. Түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы өрт орнына жеке құрамды және өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, ғимараттар мен құрылыстардан түтін шығаруға, үй-жайларды желдетуге арналған.

Сондай-ақ өрт сатысының көмегімен жоғарғы қабаттағы тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Өрт сөндіру автосатысы - өрт сөндіру жоғарыға көтерілетін құтқару көлігі, жылжымалы жебе үздіксіз баспалдақ түрінде жасалған. Автосаты бойынша көтерілу және түсу кішкентай отырғызу орнында жүзеге асырылады.