25 Қазан 2026, 13:07
Фото: pixabay.com
Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен 4 адам құтқарылды
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтердегі үй заттары мен жиһаз тұтанған. Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару маскаларын пайдаланып, төрт адамды, оның ішінде екі баланы аман алып шықты.
Өрт толық сөндірілді.