11 Қазан 2026, 18:52 Фото: pixabay.com

Астанадағы сол жағалауда тұрғын үй кешені өртенді

Өрттен үш адам, оның ішінде бала құтқарылды.

Астананың Сарайшық ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кабель шахтасынан басталып, бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін таралған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы үш адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге шығарған.

Өрт 27 шаршы метр аумақта сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.