Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды – СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тумыш елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 20-шы халықаралық кездесу аса нәтижелі аяқталды. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы өзінің мүмкіндіктеріне туыстас Сирия халқының және Сирия процесін қолдауға күш-жігерін салып келеді. 2017 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін кепілгер елдер: Иран, Ресей және Түркияның мәмілегерлігімен, сондай-ақ БҰҰ-ның қолдауымен Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің 20 раунды ұйымдастырылып, оның 18-і Қазақстанда өткізілді, - деп атап өтті Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары.

Айтуынша, Астана процесі 6 жыл ішінде өз әлеуетін толықтай көрсете білді.

Қазақтанда өткізілудегі Астана форматы аясында келіссөздердің дисколация аймақтарын құру, жанжалдасушы тараптар арасындағы қантөгісті тоқтату және адам шығындарын азайту тәрізді мақсаттары бүгінгі күні толықтай орындалды. Жалпы, Астана процесі 6 жылдың ішінде Қазақстанның ілгерілік бағытындағы өз әлеуетін көрсетті. Сирия халқын қиын да тағдырлы кезеңде біз Астана процесінің барлық қатысушысының елеулі үлесін ризашылықпен атап өтеміз. Барлық қатысушының жақсы ниеттері мен бітімгершілік күш-жігері мен жұмылдыру арқылы осы асыл миссия мәлімделген мақсаттарға қол жеткізеді деп сенеміз, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы