Астанадағы шлагбаум дауы: қауіпсіздік пе, әлде кедергі ме? - репортаж
Елордада соңғы жылдары тұрғын үйлердің ауласына шлагбаум орнату жиілеп кетті. Бірі оны қауіпсіздік үшін қажет десе, енді бірі жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді деп алаңдайды. Әсіресе, өрт сөндіру, жедел жәрдем секілді қызметтердің аулаға кіруі қиындауы мүмкін деген мәселе жиі көтеріледі.
Сонымен қатар, шлагбаум орнату тәртібі, оған кім рұқсат беретіні және оның заңдылығы төңірегінде де сұрақ көп. Бір орган екіншісіне сілтейді, ал нақты жауапты құрылым айқын емес. Тұрғындар болса, оны өз қауіпсіздігі мен ауладағы тәртіпті реттеудің бір жолы ретінде қарастырады.
Осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін BAQ.KZ тілшісі қаладағы бірнеше аумақты аралап, тұрғындармен, ОСИ өкілдерімен және жауапты органдармен тілдесті. Шлагбаум орнатудың талаптары қандай, кім бақылау жүргізеді және бұл мәселе қалай шешілуі тиіс?
Толығырақ бейнематериалдан таныса аласыздар.