Астанадағы "Семь бочек" тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді

Астанада "Семь бочек" тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Семь бочек" тұрғын үй кешенінің 6-16-қабаттарының сыртқы жабынының жануы мен 14-қабаттағы балконның жалпы алаңы жанды, жалпы өрт 250 м2 алаңды шарпыды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

100-ге жуық тұрғын көшеге өз бетімен шықты, Төтенше жағдайлар департаменті 15 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 72 адамы мен 19 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция өрт шыққан жерді қоршауға алды.

Өрт 1.39-да локализацияланып, 2.04-те сөндірілді.

Астана әкімдігі өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін растады.

Астана әкімдігі қажет болған жағдайда тұрғындарды қалалық қонақүйлерге уақытша орналастыруды ұйымдастырады. Сондай-ақ жан-жақты көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қасбет пен зақымдануды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы