Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады

Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қонаев көшесіндегі "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы