5 Қыркүйек 2026, 19:19
Фото: depositphotos.com
Астанадағы қиылыс 7 қыркүйекке дейін ішінара жабылады
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, болуы мүмкін өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Астанада Сейфуллин және Сембинов көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 5-7 қыркүйек аралығында учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады, – деп хабарлады қала әкімдігі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, болуы мүмкін өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.