Астанадағы өрт: Құтқарушылар әрбір пәтерді тексеріп жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртпен күрес әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева мәлім етті.

Тілсіз жаумен күреске 80-ге жуық маман және 17 техника жұмылдырылды. Өрт болған аумақта арнайы штаб құрылды, қазір көпқабатты тұрғын үйдегі әрбір пәтер тексеріліп жатыр. Дәл қазіргі ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ, — деді Динара Нұрғалиева оқиға орнында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Дегенмен оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері көмекке дайын тұр.

Оның айтуынша, ғимарат 27 қабаттан тұрады, оның ішінде 26 қабаты — тұрғын үй.

Көпқабатты тұрғын үйдің 180 шаршы метрін жалын шарпыды. Тұрғындар уақтылы эвакуацияланды, нақты айтқанда ТЖМ мамандарының көмегімен 8 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар, — дейді ол.

Өрттің таралу қаупі жойылды.   ТЖМ күштері мен құралдары жұмыс атқаруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы