Астанадағы мейрамхана неден өртенгені белгілі болды

3 шілдеде Есіл ауданында орналасқан «Аура» мейрамханасында өрт шықты. Бұл туралы Есіл ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, капитан Сағдат Әнес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мейрамхана Мәңгілік ел даңғылында орналасқан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт туралы хабарлама сол күні сағат 16:31-де келіп түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 20 қызметкер мен 11 техника дереу жұмылдырылды. 

Тексеру барысында мейрамхананың жертөлесінде орналасқан ас үйде от тұтанғаны анықталды. Жалын аумағы 4 шаршы метрді құрады, - деді Сағдат Әнес.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 17:12-де толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Есіл ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы