11 Қыркүйек 2024 2024, 11:34 Фото: - архив

Астанадағы мектепте балаларды ұрған оқушылардың кім екені анықталды

Бассыздық ұйымдастырған оқушылар бақылауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бассыздық ұйымдастырған оқушылар бақылауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасы Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушыларының балаларды соққыға жығып жатқан видеоға ресми мәлімдеме жасады.

Оқиға 4 қыркүйекте болған. Бүгінгі таңда оқушылардың жеке басы анықталды. Мектеп басшылығы жауапты полиция инспекторы және ата-аналармен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен әңгімелесті. Оқушылар мектепішілік бақылауға алынды, - деді Білім басқармасы.

Оқушылардың әрекетіне қалалық департамент құқықтық баға береді.

Бүгін Астанада 9-сынып оқушылары арасында болған төбелес жайында жазған болатынбыз.