Кеше 2026, 19:46
Фото: pixabay.com
Астанадағы маңызды қиылыстардың бірі уақытша жабылады
Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жөндеу жұмысына байланысты қозғалыс уақытша толық тоқтатылады.
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 17 мамырдан 18 мамырға қараған түні қаладағы бір қиылыста жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.
Астана әкімдігінің Telegram-арнасында елорда тұрғындары мен қонақтарына Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша толық жабылатыны туралы ескерту жарияланды.
Шектеу 17 мамыр күні сағат 16:00-ден 18 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін күшінде болады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.