Астанадағы ЛРТ құрылысынан шыққан таңғы ерте шу әлеуметтік желіні шулатты
Құрылыс учаскесінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана тұрғыны үйінің жанындағы LRT құрылысынан шыққан ерте таңғы шуға қатысты шағымын бейнежазба арқылы жариялады. Әйел адамның айтуынша, құрылыс жұмыстары таңғы сағат 6-да басталып, бұл тыныштық сақтау ережесіне қайшы келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің сұрағым: сағат 6-да осылай шу шығаруға құқықтары бар ма? Қазір 6:27. Менің білуімше, құрылыс жұмыстары сағат жетіден кейін ғана басталуы керек. Осылардың кесірінен бір сағат ерте оянып жүрмін. Бұл мүмкін емес қой, – дейді бейнежазба авторы кадр сыртында.
Аталған шағымға елордалық аудандық полиция дереу жауап қатты.
Тыныштықты бұзғаны үшін құрылыс компаниясының учаске бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Егер сіз қоғамдық тәртіптің бұзылуына куә болсаңыз, "102" арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген полицияның ресми хабарламасында.
Осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туды. Бірі әйелді қолдаса, енді бірі құрылысшылардың жағына шықты.
Автор, ЛРТ-ны бітірткізбей тағы кедергі жасама. Қазірдің өзінде 15 жылдан бері күтіп жүрміз. Осылай "еркеліктермен" тағы 100 жыл күтетін шығармыз.
Өзім ЛРТ-дан 100 метр жерде тұрамын. Иә, шу болады, ашық тереземен ұйықтау мүмкін емес. Бірақ тезірек бітірсе екен дейміз. Адамдар күннің аптабында, жауын-шашында жұмыс істеп жүр.
Автобус жүргізушілері туралы не деуге болады? Олар тіпті таңғы 5-те жұмысқа шығады. Жаз — жөндеу жұмыстарының маусымы, енді не күтіп едіңіздер?
Ертең сол станцияның жаны болғаны үшін пәтер қымбат болады деп мақтанады. Шуға шыдаңыздар, оның орнына инфрақұрылым пайда болады.
Кейбір пікір иелері құрылысшылардың жұмыс кестесі ауа райы мен жобаның мерзіміне байланысты ерте басталатынын еске салды. Шағымдарға қарамастан, көпшілік жұмысшылардың ауыр еңбегін түсіністікпен қабылдап, оларға жанашырлық танытты.
- Қазақстан мен Бельгия денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтады 13:26
- Чехия Орта дәлізді цифрландыруға атсалысуға дайын 13:13
- Рэпер NAVAI есірткі контрабандасы ісі бойынша қамауға алынды 12:50
- Орта дәлізде жүк тасымалы қалай жылдамдайды? Түркия өз ұсынысын айтты 12:48
- Алматыдағы құрылыс алаңынан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды 12:39
- Қала көз алдымызда дамып келеді. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы несімен таңғалдырады? 12:35
- Қазақстанда Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауыты салынады 12:21