Бүгiн 2026, 11:40
Фото: видеодан скриншот
Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысты
Автобус жүргізушісі локомотивке жол бермеген.
Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пен пойыз соқтығысты. Одан кейін автобус көлікке соғылған.
20 маусымында «Ивеко» бағыттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесінің бойындағы теміржол өткелінен өтіп бара жатып, қозғалыстағы локомотивке жол бермеген. Соққы салдарынан «Ивеко» бағыттық автобусы инерциямен «Хюндай» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты.