Астанадағы көпқабатты үйде өрт шықты: тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Бүгін елордадағы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің мамандары жетіп, жалынды оқшаулады, деп хабарлайды BAQ.KZ
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт үйдің бір пәтерінде басталған. Қазірдің өзінде жалын толықтай сөндіріліп, өрттің басқа пәтерлерге таралу қаупі жойылды.
Алдын ала деректерге сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алайда қауіпсіздік мақсатында тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды.
Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚТЖ инфрақұрылымды жаһандық талаптарға бейімдейді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы