Астанадағы колонияда кәсіпкерлер проблемасы талқыланды
Астана бойынша ҚАЖД №3 мекемесінің базасында 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың Жол картасы шеңберінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиынның мақсаты – өндірістік қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпкерлер жиі тап болатын, өндірісті дамытуға кесірін тигізетін проблемалар мен факторларды анықтау.
Жиыннан соң "Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы " директорының орынбасары Н.С. Ахметова, Астана прокуратурасының қадағалау жөніндегі прокуроры Д.К. Мирашев, мекеме басшылығы және әкімшілігі, сондай-ақ "Еңбек-Аршалы" РМК өкілдері мекеменің өнеркәсіптік аймағының аумағына барып, жұмыс объектілерін аралады. Сондай-ақ оларға пайдаланылмайтын объектілер, өнеркәсіптік аймақтың үй-жайлары көрсетілді.
Мұндай кездесулер өндірістің дамуына теріс әсер ететін проблемалар мен факторлардың тізімін дер уақытында анықтау, сондай-ақ одан әрі бірлескен ынтымақтастықты дамыту үшін қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Астана» ЦСКА-дан жеңілді
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы