Астанадағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Сенатор Андрей Лукин Астана қаласындағы «Есіл» аудандық әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі негізгі әлеуметтік мәселелер талқыланды. Жаңа құрылыс алаңдары мен жеке дара құрылыстарға және «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынатын мектеп құрылысына ерекше назар аударылды.

Халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік қолдауды күшейту, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар қаралды. Іскерлік аясында өткен кездесудің қорытындысы бойынша бұдан былайғы ынтымақтастық пен қойылған міндеттерді іске асыру жөнінде нақты қадамдар белгіленді.

Сенатор» көппәтерлі «Бейбіт үй тұрғын үй кешенінің кілттерін тапсыру рәсіміне де қатысты. Құрылысы ұзаққа созылған бұл кешенді пайдалануға берілу сәтін көптеген отбасылар асыға күткен болатын. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек кілттерді тапсыру алдында тұрғын үй кешенінің проблемалары мен атқарылған ауқымды істер туралы айтып берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы