4 Қараша 2026, 13:34 Фото: ©BAQ.KZ/Мөлдiр Лезбаева

Астанадағы «ЦОН» аумағы қоршауға алынып, адамдар шұғыл сыртқа шығарылды: Не болды?

Елордадағы ХҚКО-лардың бірінің маңы күтпеген жерден қоршауға алынды. Оқиға орнына полиция не себепті жұмылдырылды? Сөмкенің ішінде не бар?

Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің аумағы қараусыз қалған сөмкенің табылуына байланысты қоршауға алынды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Фото: ©BAQ.KZ/Мөлдiр Лезбаева

Оқиға Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылы бойында болған.

Фото: ©BAQ.KZ/Мөлдiр Лезбаева

Әзірге сөмкенің ішінде не болғаны және оқиға орнында қандай шаралар қабылданғаны белгісіз.

Фото: ©BAQ.KZ/Мөлдiр Лезбаева

BAQ.KZ редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады. Ресми түсініктеме күтілуде.