Астанадағы "Хан шатырдан" өрт шықты

Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астананың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы