Астанадағы бірқатар көше уақытша жабылады

15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;
Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағын ауданына қарай 70 метр, - деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы