Бүгiн 2026, 11:50
Фото: depositphotos.com
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Өрт 20 минут ішінде сөндіріліп, балалар қауіпсіз жерге ауыстырылды.
Астанада түнде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы Астана әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдік мәліметінше, №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен. Оқиға орнына 101 қызметі 22:55-те жеткен. Ал 23:08-де өрт толық сөндірілді.
Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке байланысты балалар көршілес ғимаратқа көшірілді, – делінген таратылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.
Еске салайық, түнде Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты.