Бүгiн 2026, 14:46
Фото: pixabay.com
Астанадағы балалар ауруханасында медбикеден туберкулез анықталды
Медбике сәуір айынан бері ем қабылдап жатыр, ал аурухананың байланыста болған қызметкерлері тексеруден өткен.
Әлеуметтік желіде Астанадағы балалар ауруханасында туберкулез таралғаны туралы ақпарат қызу талқыланды. Алайда елорданың қалалық денсаулық сақтау басқармасы жағдай бақылауда екенін айтып, бірқатар тараған мәліметке түсінік берді.