Астанадағы Backstreet Boys концертін мүмкіндігі шектеулі жандар да тамашалады
21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өткен Backstreet Boys концертіне мыңдаған жанкүйермен бірге мүмкіндігі шектеулі көрермендер де бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның барынша қолжетімді әрі жайлы өтуі үшін аренада арнайы жағдай жасалды: ыңғайлы кіреберістер қарастырылып, қозғалысы шектеулі жандарға арналған бөлек орындар жабдықталды, сондай-ақ еріктілердің көмегі ұйымдастырылды.
Көрермендердің айтуынша, мұндай шаралар концерттің толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге және өзгелермен бірдей әсер алуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұқаралық іс-шараларда кедергісіз орта қалыптастыру – елордадағы инклюзивті мәдениетті дамытудың маңызды қадамы.
Еске салсақ, 21 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті. Елордадағы концертіне 45 елден 12 мың турист келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сарапшы: Қазақстан БҰҰ реформасы жөнінде батыл ұсыныстар жасайды
Өзгелердің жаңалығы