Астанадағы автобус апатының себебі белгілі болды

Астанада Mercedes маркалы жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза болғандар жоқ, тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

Қалалық ПД дерегінше, Mercedes маркалы қызметтік автобустың жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, бұрылыс жасау кезінде рөлді басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік жол жиегіндегі сайға түсіп кеткен.

Салонда болған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар жоқ. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, - делінген Астана қаласы ПД түсініктемесінде.

Бұған дейін Астанада автобус апатқа ұшырағаны жайлы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы