Астанадағы автобус апаты: Бір адамның жағдайы ауыр
Астанадағы автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам алған жарақаттарына қарай әртүрлі қалалық стационарларға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығында жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Айта кетерлігі, ауыр жағдайдағы зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасалды.
Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсеткен.
Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы