Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазан айына дейін жалғасады

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада 2 қыркүйектен басталған өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы әр сенбі мен жексенбіде 29 қазанға дейін жалғасады. Жәрмеңкедегі барлық өнімдер нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері келді, олар 556 тонна өнім әкелді. Алдағы демалыс күндері елордаға Атырау және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері келеді. 16-17 қыркүйекте БҚО және Қызылорда облысының аграршыларының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Ал айдың соңында – Алматы және Жетісу облыстары. Бұдан әрі кесте бойынша Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, ШҚО және СҚО, Қарағанды, Ұлытау облыстары тұр. Өңірлік жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері аяқтайды.

Астананы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуде Астананың азық-түлік белдеуін құрайтын Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының шекаралас аудандары шешуші рөл атқаратынын атап өткім келеді. Ақмола облысының әкімдігімен Қараөткел, Талапкер, Қоянды және Жібек жолы ауылдарында өндірістік кәсіпорындар мен инфрақұрылымдық объектілерді орналастыра отырып, сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық кооперацияны жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Бұдан әрі жұмыс осы жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады, - дейді басқарма басшысының орынбасары М.Жанабев.

Агроөнеркәсіптік кешеннің сауда инфрақұрылымы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылады, онда жобалар портфелі 79,1 млрд теңге сомасына 20 жобаны, оның ішінде сақтау алаңы 64 мың ш.м. 35 млрд теңге сомасына 6 жобаны (3 қойма кешені, 3 көкөніс қоймасы) қамтиды.

1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығының жетекші аграрлық орталықтарының біріне айналу екенін атап өтті. Үш жыл ішінде АӨК-тегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін арттыру міндетін қойды.

Әкімдік өз өндірісін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осылайша, 72 мың тонна өндіріс көлемімен тамақ саласында (сүт зауыты, ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.) ірі 9 инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде.

Қуаты 14 мың тонна болатын 2 жылыжай кешені салынуда. Басқа өңірлерден әкелінетін көкөніс қорларын тиісінше сақтауды қамтамасыз ету үшін 21 мың тоннаға 3 көкөніс қоймасы салынуда. Сондай-ақ жалпы ауданы 50 мың м2 болатын 3 қойма кешені салынуда. Биыл нан зауыты, сондай-ақ қуаттылығы 13 мың тонна болатын 2 көкөніс қоймасы іске қосылады.

Сондай-ақ, «Kazakh Invest»-пен бірлесіп кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу үшін шетелдік инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жалпы инвестиция сомасы 15 млрд теңгеге жылдық қуаты 7 мың тонна бір жылыжай кешенін сату жүргізілуде. «Astana Development Company» ЖШС заманауи жылыжай кешені (15 млрд теңге). Жобаның қуаттылығы жылына 7000 тоннаны құрайды. Іске асыру мерзімі 2020-2024 жж.

Алдағы маусымаралық кезеңде көлемі 33 мың тонна жаңа азық-түлік қоры қалыптастырылды, оның ішінде 20 мың тонна көкөніс (картоп 13 мың тонна, сәбіз - 2,3 мың тонна, қырыққабат - 1,7 мың тонна және пияз – 2,7 мың тонна).

Айта кетейік, апта сайын жәрмеңкелер туралы басқарманың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ әкімдіктің аккаунттарында келетін облыс пен басқа да анықтамалық ақпарат көрсетілген анонс орналастырылатын болады.

Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы