Астанадағы Атырау көпірінен әйел суға секіріп кетті
Астанадағы Атырау көпірінен әйел суға секіріп кетіп, суицид жасауға талпынғаны тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Сарыарқа ауданында Атырау көпірінде суицид жасауға талпыныс тіркелді: 1991 жылғы азаматша суға секірген, - деп хабарлады ТЖМ.
Оқиға орнына Астана қаласының ТЖД Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен азаматша судан шығарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін 103 қызметі бригадасына тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы