23 Тамыз 2026, 07:30
Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай
Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі өтіп жатыр
Астана қаласындағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі өтіп жатыр. Учаскелік сайлау комиссиясының 9 мүшесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір дауыс беру барысын бақылауға тіркелген байқаушылар саны 25-тен асты. Олардың қатарында шетелдік байқаушылар да бар.
Дауыс беру басталар алдында учаскеде тиісті рәсімдер жүргізіліп, жәшіктердің дайындығы тексерілді. Комиссия мүшелері өз міндеттеріне кірісіп, учаске сайлаушыларды қабылдай бастады.