Астанада тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды

Астана, BAQ.KZ. Астананың Есіл ауданы, «Камал-4» тұрғын үй кешенінде болған өрттен кейін он бір адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды» делінген баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы