Астанада жылыжай кешені салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясына қарамастан, біз тұрғындар мен қаламыз үшін маңызды жобаларға тартылған жеке инвестициялардың мөлшерін сақтап қана қоймай, тіпті айтарлықтай арттыра алдық. Елорда әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.

Биыл да осы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Бүгін өңірлік кеңесте жеке инвестицияларды тарту есебінен - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты жергілікті тауармен жабдықтау үшін жылыжай кешенінің; өндірістік-логистикалық орталықтың; гипермаркеттердің құрылысы сияқты бірқатар жобалар қолдау тапты. Қолдау тапқан жобалар қатарында - медициналық орталықтар, спорт мекемелерін, мектептер, балабақшалар салу да бар. Оның ішінде, мектепке дейінгі арнайы коррекциялық оқу орны салынбақ. Ерекше мұқтаждығы бар азаматтарға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, денсаулықтың жақсару динамикасын көру де маңызды - деді ол.

Бұған дейін жүзеге асырылған жобалар түрлі салаларда жұмыс істеп келеді. 

Олар шығаратын өнімдер үй, мектеп, медициналық орталық салуға; жол құрылысына, абаттандыру жұмыстарында және т.б. пайдаланылады. Әрбір инвестормен тікелей жұмыс істеп, жобаларды іске асу барысын қадағалаймыз - деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімі астананың спортпен айналысуға қолайлы қала екенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы