Астанада жылыту маусымы басталғалы 139 өрт болған

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Жылыту маусымындағы және сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев өрт қауіпсіздігі жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, жылыту маусымы басталғаннан бері қала аумағындағы тұрғын үй секторында 139 өрт тіркелген.

Өрттің болуы маусымдық сипатта айқын көрінеді. Өрттің басым көпшілігі қыс айларында болады. Өрт туындауының негізгі себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту жүйелерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Департамент жергілікті атқарушы органның, еріктілердің, Ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр. Іс-шара барасында 3 кезең бойынша жеке тұрғын үй секторын аралаған, - деп айтты басқарма бастығы брифингте.

Профилактиканың бірінші кезеңі халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өткізілген. Шара барысында өрт қауіпсіздігі бойынша 2135 бұзушылық анықталған. Екінші кезеңде профилактикалық шарамен 4 569 саяжай қамтылған

Жылыту кезеңінде аталған үйлерде 1 өрт болған. Үшінші кезең негізгі тұрғын үйлерде өткізіліп жатыр. Бүгінге дейін ауланы аралау бойынша 45 312 тұрғын үй қамтылған.

Сонымен қатар жылыту маусымы кезінде өрттердің, адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Департамент жергілікті атқарушы органдар, полиция, еріктілермен бірлесіп «Қауіпсіз жанұя», «10 игі іс», «Жатақхана», «Қауіпсіз жылыту маусымы» атты акцияларын өткізген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы