Бүгiн 2026, 11:14
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Астанада жылыту маусымы аяқталды: Жылу қашан толық өшіріледі?
Астанада 22 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталды. Жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатылады. Толығырақ – BAQ.KZ материалында.
Астанада 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Бұл шешім сыртқы ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылауына байланысты қабылданып отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу беру нысандарға кезең-кезеңімен тоқтатылады. Атап айтқанда, алдымен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелері, сондай-ақ тұрғын үйлер жылу жүйесінен ажыратылады.
Ресми деректерге сәйкес, биылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету барысында айтарлықтай ақаулар тіркелмеген.