Астанада жыл соңына дейін 8 жайлы мектеп ашылады

Елордада 2024 жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ, – деді қала басшысы.

Астанада қыркүйек айында 15 мектеп ашылса, олардың тоғызы – "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады, оның сегізі – ұлттық жоба аясында.

Осылайша, тоғыз жаңа мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын құрады. Бұл оқу орындары тағы 4 мектепте үш ауысымды оқыту, 3 мектепте тығыздылығы жоғары режимі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы